Күн тәртібіндегі мәселер: 1. 2023-2024оқу жылында атқарылған жұмыстардың жылдық есебі. Білім сапасы, оқушылардың жетістіктері. 2. Жаз мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігі. 3. Жазғы сауықтыру лагері. Ата-аналар жиналысына жергілікті кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны А. Тойбаев шақырылды. Ауыл әкімі А.Ө. Бименбетов, мектеп медбикесі А.Жанықұлова және сынып жетекшілері қатысты. Полиция капитаны А. Тойбаев, ауыл әкімі А.Бименбетов, мектеп директоры Р.Қойбағар білім алушылардың қауіпсіздігі және
Домалақ ене атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беруші Акмолдаева Айгерім 11 сынып оқушыларымен “ Мамандық таңдауға дайынмын ба?” тақырыбында тренинг өткізді. Оқушыларға мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз - өзін тану аймағын кеңейту, кез - келген кедергіден шыға білу, мамандыққа деген ықыласын, қызығушылықтарын анықтау. Оқушылардың мамандық таңдаудан жаңылмай өз өмірлерінің бір кірпішін дұрыс қалауларына тілектеспіз.
2024 жылғы 13 мамыр күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде жасөспірімдер арасында жол қауіпсіздігі мен су қауіпсіздігі және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ташметов 5-11 сынып білім алушылары арасында "Қауіпсіздік ережелері" тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыста жолда жүру ережелері- бұл сақтау міндетті болып табылатын баршаға арналған заң. Кәмелетке толмағандар жол қозғалысының қатысушылары ретінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін біліп
Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1984жылғы түлектері өздерінің 40 жылдан кейінгі кездесулері аясында ұйымдасып білім ошағына шырша ағаштарын тарту етті. Бүгінде асқар тау әке, қамқоршы ата болған түлектер мектеп ауласының жайқалып гүлденуіне өз үлесін қосты. 1984 жылғы түлектерге мектеп ұжымының алғысы шексіз. Алтын ұя мектебін ұмытпайтын, демеушілікті қолдайтын жомарт түлектер көп болғай.
Мектебімізде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың өткізілетін іс-шаралар ұсынымына сәйкес “Мамыр Ынтымақ айы” негізінде 10.05.2024 ж. күні “Игі істер күні” ұйымдастырылды. Игі іс ретінде оқушыларымыз ауылымыздың ардагер ұстазы Ж.Уалиеваның үйіне барып тазалық жұмыстарына көмектесті. Мектебімізде мұндай игі істер жыл бойы жалғасын тауып, оқушыларымызды қайырымдылыққа, үлкенге қамқор болуға баулып келеміз
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-11 сынып ұлдары арасында"Балалардың қауіпсіздігі", "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі", "Түрлі көлік түрлерін жүргізуден аулақ бол" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жол апаттарының алдын алу. Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру,
Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1"А"сынып жетекшісі ж.Қайрамбаева 7 -мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «7- мамыр Отан қорғаушылар күні»тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу.