Домалақ ене атындағы орта мектебінде 19.03.2024ж күні оқушыларға Наурыз - жыл басы, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңыздылығын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу масатында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Наурыз – көктем мейрамы!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарлама басы Қыдыр атаның «Наурыз» батасымен бастау алып, мектебіміздің
Домалақ ене атындағы орта мектебінде бүгін яғни 16 наурыз күні Наурыз мерекесі қарсаңында мектеп ауласын, айналасын тазалау жұмыстары сенбілік жүрізілді. Осы шараға атсалысқан мектеп қызметкерлеріне алғысым шексіз. Тазалыққа жанымыз құмар болсын!
15 наурыз - Қайырымдылық күні Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі Бименбетов Асқар Өсербайұлы Наурыз мерекесіне орай өткен қайырымдылық марафоны аясында 5-8 сыныптарда оқитын бес оқушыға "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан бөлінген жазғы демалыс орнына арнайы сертификатты мектеп директоры Раушан Үшкемпірқызына табыстады.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу мақсатында “ Қызға қырық үйден тыйым” тақырыбында 8-11 сынып қыздарымен жиналыс өтті. Жиналысқа мектеп мед.бикесі А.Джаныкулова, ДТІЖО А.С.Уатаева, аға тәлімгер Б.Б. Қалқабаева қатысты.
Домалақ ене атындағы орта мектебінің “Жас Ұлан” ұйымының жылдық жоспарына сәйкес оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. 5 сынып қыздары арасында “ Ал, қанеки қыздар” атты сайыс өтті. Сайысқа 6 қыз қатысып, жүлделі орындармен номинациялармен марапатталды.
30.01.2024ж күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде “ДОСБОЛLIKE”акциясы щеңберінде мектеп психологы М.Мурзабекова 10, 5 сынып оқушыларымен “Мен+Сен+Біз” атты тренингтік жаттығулар өткізіп, шығармашылық тапсырмалар орындатты.
Біздің ауылымызда әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды. Міне, осы мақсатта Домалақ ене атындағы орта мектебінде 2 Ә сыныбында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізілді. Сынып
Домалақ ене атындағы орта мектебінде “Жарқын жастық - баянды болашақ” тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлерін айтып өту. Кешіміздің қонақтары: 2022 жылдың үздік аттестат иегері, мектебіміздің мақтанышы болған, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің