"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-11 сынып ұлдары арасында"Балалардың қауіпсіздігі", "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі", "Түрлі көлік түрлерін жүргізуден аулақ бол" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жол апаттарының алдын алу. Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру,
Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1"А"сынып жетекшісі ж.Қайрамбаева 7 -мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «7- мамыр Отан қорғаушылар күні»тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу.
Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық округінде Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен волонтерліктің BIRGTMIZ:BILIM бағыты аясында және 1-мамыр Бірлік күні мерекесіне орай «Ой-өріс» интеллектуалдық ойыны өтті. Жастардың бойындағы интеллектуалдық қабілеттерін дамыта отырып, заманауи білімді бойларына сіңіру мақсатында өткен іс-шараға 4 команда
«1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында 11-сыныпқа дөңгелек үстелді Ж. Қонақбаева өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушыларды Отанын сүюге, ел тарихын құрметтеуге, салт-дәстүрін мақтан тұтуға, елімізде тұрып жатқан өзге ұлттар достығын нығайтуға тәрбиелеу
Шу ауданы Домадақ ене атындағы орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушылары аймақтық «Сапта жүріп ән айту» байқауына қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді жетекшісі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Б. Мықтыбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 32 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 79 жылдығына арналған аймақтық «Сапта жүріп ән айту» байқауы. Мақсаты: Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту. Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, қастерлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
2004жылғы түлектер мектеп ауласына 20 түп жеміс ағаштарын отырғызды. Жомарт түлектерге алғысымыз шексіз. Отырғызған жеміс ағаштарыңыз мәуелі баққа айналсын. Еңбектеріңіз толағай табысты болсын.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде “Жас Ұлан” ұйымының жылдық жоспарына сәйкес оқушылардың экологиялық білімдерін кеңейту,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, өз ойларын толық байланыстыру, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында ұйым мүшелерімен “ Мен жасыл әлемді қолдаймын” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бүгін 20 сәуір күні Домалақ ене орта мектебінде "Таза Қазақстан" Республикалық акциясының аясында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке келген мектеп ұжымы бөлінген учаскелер мен мектеп маңындағы көшеге қоқыстан тазарту жұмыстарын жасады.