Шу ауданы білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қиын бала болмайды»жобасы аясында 7-11 сынып оқушыларына ауыл әкімі А.Қ.Қуанышев пен Шу АПБ-нің ЖПҚБ УПИ қызметкерлері қатысуымен "Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікті түсіну " тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Мақсаты : Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмау, құқықтық сауаттылыққа үйрету,адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Жиналыс барысында мектеп ережесі мен көшедегі
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 17 ші қыркүйек күні "World Cleanup day" акциясы аясында сенбілік өтті. Сенбілікке мекеме қызметкерлері мен оқушылар қатысып, мектеп ауласын күл-қоқыстан, сарғайған жапырақтардан тазартты. Бұл өз кезегінде өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында 1 оқушыға,спорттық киім, 8 оқушыға сөмкелермен және құрал жабдықтармен қамтылды. Демеушілік көрсеткен Ауыл әкімшілігі, ЖШҚ Садыков М,мектептің жомарт түлегі Ибрагимов С, және жеке кәсіпкер Қайрамбаев А. Ата –аналар және мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 1 тамыз- 31 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 5 оқушыны мектеп формасымен қамтыды. Демеушілік жасаған мектебіміздің жомарт түлегі, Шу қалалық №10 колледжінің директоры Мусаева Т. Ата- аналар және мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 1тамыз- 31 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 1 оқушыға мектеп формасы, 5 оқушыға демеушілік тарапынан сөмкелермен, құрал жабдықтармен көмек көрсетілді. Демеушілік жасаған Бірлікүстем ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Ташметов А. Мектеп түлектері Аймаханбетов Т.,Аймаханбетов С., кітапхана меңгерушісі Утегулова З. және мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.
Бүгін Домалақ ене атындағы орта мектебінде салтанатты аттестат тапсыру жиыны өтті. Негізгі мектепті аяқтаған 49 түлекке және жалпы орта мектепті аяқтаған 19 түлекке аттестат тапсырылып, сәт сәпар, ақ жарма тілектер айтылды. Ерекше үздік аттестатты алты түлек иеленді. Түлектердің бүгінгі мерекесі құтты болсын! Алдағы үлкен сын ҰБТден жоғары ұпай алып, грант иегерлері атануына шын жүректен тілектеспін.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімі 2021 жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыры аралығында барлық мектептерде көшеде жүру тәртібін сақтау тақырыбымен " Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты аудандық айлық өткізілуде.Айлық барысында Домалақ ене атындағы орта мектептің 4"А" сынып жетекшісі Қ.Құдайғұлова және 2 "Ә" сынып жетекшісі Г.Ақшабаева санитарлық талаптарды сақтай отырып сынып сағаттарын өткізді.