Домалақ ене атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектеп оқушыларының жетістіктерімен шығармашылығы туралы айтып өтті. Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш уақытта ұмытпауы тиіс. Егер ата-ана баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекқор етіп тәрбиелесе онда еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік. Сондықтан үйде ата-ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен жол табатындай тәрбиелік мәні зор еңбек етсе, тәрбие өз орнын табар еді.
Республикалық «Жас толқын» балалармен жасөспірімдер байқауына Домалақ ене атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Хазый Шолпанай Тілектіқызы «Көркем сөз» жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісі М. Жиесова құрмет грамотасына ие болды.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде оқушылардың моральдық қасиеттерін нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбилеуге бағыттау мақсатында «Адалдық алаңы» ұйымдастырылды. Мектептегі Адалдық алаңы әр аптаның бейсенбі күні өткізіліп отырады. Мектеп оқушылары адал екендерін көрсете білді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл толуына орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында бірыңғай ашық сынып сағаттары өтті. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»- деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 31 жыл толмақ. Ауыл әкімшілігінің, Домалақ ене атындағы орта мектебінің, мәдениет үйі және ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отанды сүю - өркениеттің белгісі" тақырыбында сазды бағдарлама өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері Бақберген Қырықбаев, Болат Ширван және Бақытжан Бөкенов арнайы шақырылып, зор құрмет көрсетілді. Бірлікүстем ауылдық округінің бас маманы Н.Каюпов құттықтау сөз сөйлеп
12 ақпан күні Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бірлікүстем ауылдық округі Домалақ ене орта мектебінде «Жастар елдің-ертеңі» атты тақырыпта жастарға құқықтық, діни, әлеуметтік бағыттар бойынша кеңес беру мақсатында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспектор заңгері Касенова Әсел Қыпшақбайқызы, Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дін істері және ақпараттық талдау бөлім меңгерушісі Смаилов
Домалақ ене атындағы орта мектебінде Мұқағали Мақатаевтың 89- жылдығына орай «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Ақынның сырлы өлеңдері Отанды сүюге, туған жерді, өз дінің, өз тілін сүю, ақын жырларынан үлгі алу, бүгінгі күнде әр қазақтың жүрегінде берік орныққан. Қазақ поэзиясының өлеңдерін оқиған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша сахналық қойылым болды. Қойылымда оқушылар өз образдарын сомдап, кейіпкер бейнесін ашты.