Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Ғаламтордың пайдасы мен зияны" тақырыбында пікірталас өткізілді. Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сай "Алдын алу шаралары" жобасы бойынша Шу АПБ-нің ЖПҚБ УПИ полиция капитаны А.Тойбаев оқушыларға "Алаяқтықтың алдын алу", "Құқықтық тәртіп сақтау" және"Есірткісіз болашақ!" тақырыптарында дәрістер оқып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді. <a class="x1i10hfl xjbqb8w x1ejq31n xd10rxx x1sy0etr x17r0tee x972fbf xcfux6l x1qhh985 xm0m39n x9f619 x1ypdohk xt0psk2 xe8uvvx
Шу ауданының білім бөліміне қарасты, Домалақ ене атындағы орта мектебінің оқушылары "Кел, дос болайық!" акциясы аясында "Қазақ Мыс" компаниясының ұйымдастыруымен Шу ауданы мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық турнирде белсене қатысып, арнайы бірыңғай футбол формасына иеленіп марапатталды. <a class="x1i10hfl xjbqb8w x1ejq31n xd10rxx x1sy0etr x17r0tee x972fbf xcfux6l x1qhh985 xm0m39n x9f619 x1ypdohk xt0psk2 xe8uvvx
Домалақ ене атындағы орта мектебінің мектепішілік жоспарына сәйкес 2024-2025 оқу жылының 4-29 қараша аралығында жоспарланған іс-шаралар, білім беру процесі, тәрбие жұмыстары мен оқу-тәрбие жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл жоспарда әр айда өткізілуі қажет іс-шаралар, білім беру мақсаттары, оқу бағдарламаларының орындалуы және оқушылардың қатысу белсенділігін арттыру бағытында жоспарланған жұмыстар қарастырылады.
4.11.2024 жылы Домалақ ене атындағы орта мектебіндегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына кондидатты тағайындау туралы конкрустық комиссия отырысы өткізілді. Конкрусқа педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін Қ.Р.Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы 57 бұйрығы негізінде көрсетілген тізім бойынша құжаттар өткізген Қосетова Ажар Аманбаевна 8 балл алып, конкрустан өтті деп есептеліп мектеп басшысына тағайындауға ұсынылды.
1.112024 жылы Домалақ ене атындағы орта мектебіндегі. үйірме жетекшісі лауазымына кондидатты тағайындау туралы конкрустық комиссия отырысы өткізілді.Конкрусқа педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін Қ.Р.Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы 57 бұйрығы негізінде көрсетілген тізім бойынша құжаттар өткізген үйірме жетекшісі бойынша үміткер Темірбекова Аяулым Айдарханқызы 5.5 балл алып, конкрустан өтті деп есептеліп мектеп басшысына тағайындауға ұсынылды .
"25 қазан - Республика күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған мұғалімдер арасындағы футзалдан аймақтық жарыста ІІ орын иеленген Домалақ ене командасы марапатталды.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жамбыл облысының құрметті азаматы "Айша бибі" халықтық этнографиялық би ансамблінің негізін қалаушы балетмейстер-хореграф Байдаулет Сазабековтың шығармашылық еңбек жолына 35-жыл толуына байланысты "Айша бибі" атты аудандық би байқауының І дәрежелі дипломмен Домалақ ене орта мектебінің "Ерке би" тобы марапатталды