Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл толуына орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында бірыңғай ашық сынып сағаттары өтті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл толуына орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында бірыңғай ашық сынып сағаттары өтті. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»- деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.