«Жастар елдің-ертеңі» атты тақырыпта жастарға құқықтық, діни, әлеуметтік бағыттар бойынша кеңес беру мақсатында кездесу өткізілді.
12 ақпан күні Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бірлікүстем ауылдық округі Домалақ ене орта мектебінде «Жастар елдің-ертеңі» атты тақырыпта жастарға құқықтық, діни, әлеуметтік бағыттар бойынша кеңес беру мақсатында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспектор заңгері Касенова Әсел Қыпшақбайқызы, Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дін істері және ақпараттық талдау бөлім меңгерушісі Смаилов Мырзабек және аудандық дін саласынан құрылған ақпараттық түсіндіру топ (АТТ) мүшесі, аға инспектор Нұрлыханов Бақыт Базарбайұлы қатысты. Оқушылар мамандарға сауалдарын қойып, қанағаттанарлықтай жауаптарын алды.