Шу ауданы білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебінде педагогикалық ұжымда «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды бастауыш / негізгі орта білім беру бойынша» жобамен танысып, талқылады.
Таныстырылым барысында стандарт пен оқу жоспарларына енгізілген өзгерістердің ерекшеліктері айтылып, Стандарт жобасы құндылықтарға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Стандарттың талаптарын оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылауда, педагогтерді аттестаттауда, оқыту нәтижелерін бағалауда, білім алушыларды қорытынды аттестаттау және білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуде орындау міндетті екендігін айтылды.
Бастауыш білім берудің мазмұны мәндес оқу пәндерін біріктіретін «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам»,«Технология және өнер», «Дене шынықтыру» білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының
мазмұны: қазақ тілінде оқытатын сыныптарда: «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Орыс тілі», «Шетел тілі оқу пәндерінде жүзеге асырылады.
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдары бойынша «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам» білім беру салалары бойынша оқудан күтілетін нәтижелерге «Алгебра», «Геометрия» пәндерін «Математика» пәніне, «Физика», «Химия», «Биология» пәндерін «Жаратылыстану» пәніне, «Әлем тарихы», «Құқық негіздері» пәндерін «Әлеуметтік ғылымдар» пәніне кіріктіру (интеграциялау) сияқты жобадағы жаңашылдықтар жайында айтып өтті.
Аталған құжат жобалары жан-жақты талқыланды.