Меню KDT

logo.png?_=1715662853

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Домалақ ене атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

    .

    ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
    Домалақ ене атындағы орта мектебінде Шу аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы №42 бұйрығымен құрылған Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 жыл өтуіне байланысты тоқтатылып, ағымдағы жылы қайта жаңа құрамды құру мақсатында мектеп тарапынан хабарлама жасалып, Қамқоршылық құрам мүшелігіне келісімдер жинақталып, мектептің жалпы ата-аналар жиналысында қаралып, 2025 жылғы 6 ақпандағы №1 хаттама шешіміне сәйкес аудандық білім бөліміне ұсыныс тапсырылған болатын.
    Нәтижесінде Шу аудандық білім бөлімі тарапынан құрамы қаралып, аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 6 наурыздағы №181 бұйрығымен Домалақ ене атындағы орта мектебінің жаңа Қамқоршылық құрамы бекітілді.
    ✅ Осыған байланысты мектепте ағымдағы жылдың 18-наурыз күні Қамқоршылық кеңесі құрамы шақыртылып, құрам ішінен кеңес төрағасы мен хатшысы сайланып, аудандық білім бөлімі бұйрығымен таныстырылды. Сондай-ақ, кеңес құрамы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, алдағы атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспарын талқылап, нақтыланған іс-шаралар жоспары Қамқоршылық кеңесі төрағасымен бекітіліп, мектеп директорымен келісілді.
    ✅ Мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесі құрамын тағайындауларымен құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз!
    04.04.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки