"Ғажайыптың ғажайып сырлары" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде
" Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2 сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай кітапханашы З.Утегулова мен 4"Ә" сынып жетекшісі Ж.Қайрамбаеваның ұйымдастыруымен "Ғажайыптың ғажайып сырлары" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың кітап оқу арқылы, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Танымдық сабақ 5 айналымнан тұрады:
1. Кіріспе
2. Білгенге маржан
3. "Мозайка" құрастыру
4. Сұрақтарға жауап алу
5. Есіңе сақта
Балаларға арналған энциклопедия кітаптарынан оқыған оқушылар қызықты деректер мен мағлұматтарымен бөлісіп, жақсы әсер алды. Оқушыларға ынталандыру сыйлықтары мен мектебіміздің түлегі , дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мүтәш Абзал тарапынан балмұздақтар таратылды.