«Ұлы халықтың-ұлы Абайы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
Биыл хакім Абай Құнанбаевтың туғанына 175жыл. Соған орай 24 қаңтарда Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби -сазды кештің басты мақсаты жас ұрпаққа ұлы Абайдың мұрасын дәріптеу, шығармашылығының қыр-сырын меңгерту. Хакім Абайдың теңіздей терең әлеміне шолу жасап, өлеңдерін, қарасөздерін нақышына келтіріп оқып, әндерін тамылжыта орындап, ақынның жас кезінен сахналық көрініс қойды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы бір кісідей атсалысты.