Меню KDT

logo.png?_=1715662853

КГУ «Cредняя школа имени Домалак ене Шунского» районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Домалақ ене» атындағы орта мектебінде құралған еріктілер тобы «Қамқор» бағытымен ауылымыздың жалғыз ілікті қарттарына, мешіттке көмектерін тигізді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады және еріктілердің 6 бағытын атап көрсеткен болатын олар:
    1.Волонтерлер балалар үйлеріндегі балаларды қамқорлықтарына алады. «Саулық» бағыты арқылы медициналық волонтерлік дамып, науқастарға қамқорлық көрсетіледі.
    2.«Таза әлем» жобасы - бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету.
    3.«Асыл мұра» бағыты волонтерлерді халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға тартады.
    4.«Қамқор» бағыты еріктілердің қарттар үйлерінде жұмысына бағытталған. 5.«Білім» - бұл ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту.
    6.«Үміт» жобасын Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктерін паш ететін құжаттарды іздеуге бағдарлауға болады.
    Ағымдағы жылдың 6 -шы ақпан күні ауылымызда Еріктілер жылына орай Бірлікүстем ауылының «Домалақ ене» атындағы орта мектебінде құралған еріктілер тобы «Қамқор» бағытымен ауылымыздың жалғыз ілікті қарттарына, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету мақсатында, Бақтаев Қанатбай атамызға отынын жарып үлкен көмек жасады. Сонымен қатар қыздардан құралған еріктілер тобы Бірлікүстем ауылдық округінің мешітінің жанында орналасқан қысқы асхана ғимаратына тазалық жұмыстарын жүргізді.
    Дана халқымыз «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған. Көмекке риза болған мешіт имамы Ж Әлімбеков және Қ. Бақтаев атамыз еріктілерге өз алғыстарын айтып баталарын берді. Волонтерлік бағытты іске асыру өскелең ұрпақтың бойында
    «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» ету арқылы, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйретіп, мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсету арқылы адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

    .
    11.02.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки