1984 жылғы түлектер мектебімізге шырша ағаштарын тарту етті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1984жылғы түлектері өздерінің 40 жылдан кейінгі кездесулері аясында ұйымдасып білім ошағына шырша ағаштарын тарту етті. Бүгінде асқар тау әке, қамқоршы ата болған түлектер мектеп ауласының жайқалып гүлденуіне өз үлесін қосты. 1984 жылғы түлектерге мектеп ұжымының алғысы шексіз. Алтын ұя мектебін ұмытпайтын, демеушілікті қолдайтын жомарт түлектер көп болғай.