5-11 сынып білім алушылары арасында "Қауіпсіздік ережелері" тақырыбында жиналыс өткізді
2024 жылғы 13 мамыр күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде жасөспірімдер арасында жол қауіпсіздігі мен су қауіпсіздігі және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ташметов 5-11 сынып білім алушылары арасында "Қауіпсіздік ережелері" тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыста жолда жүру ережелері- бұл сақтау міндетті болып табылатын баршаға арналған заң. Кәмелетке толмағандар жол қозғалысының қатысушылары ретінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, олардың бұзылуы қандай зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін де білуі тиіс екендігін атап өтті.
Сонымен қоса «Су айдындарындағы қауіпсіздік» бойынша жаз мезгілінде үлкендердің қарауынсыз өзенге,каналға бармау керектігін, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін үнемі естен шығармау керектігін, суда тентектік жасауға болмайтындығын түсіндіріп айтып өтті.