Меню KDT

logo.png?_=1715662853

КГУ «Cредняя школа имени Домалак ене Шунского» районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Домалақ ене атындағы орта мектебінде 16 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

    Күн тәртібіндегі мәселер:
    1. 2023-2024оқу жылында атқарылған жұмыстардың жылдық есебі. Білім сапасы, оқушылардың жетістіктері.
    2. Жаз мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігі.
    3. Жазғы сауықтыру лагері.
    Ата-аналар жиналысына жергілікті кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны А. Тойбаев шақырылды. Ауыл әкімі А.Ө. Бименбетов, мектеп медбикесі А.Жанықұлова және сынып жетекшілері қатысты.
    Полиция капитаны А. Тойбаев, ауыл әкімі А.Бименбетов, мектеп директоры Р.Қойбағар білім алушылардың қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың өмірінің қауіпсіздігі, әлеуметтік желі алаяқтықтарынан сақ болу, шомылу маусымындағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Мектептің білім сапасы, атқарылған жұмыстар, осы оқу жылында жеткен жетістіктер, қорытынды мемлекеттік емтихандар, аралық емтихан туралы ата-аналар назарына жеткізілді.
    Биылғы оқу жылында мектептің жетістіктер қоржынын толтырған оқушылардың ата-аналары "Алғыс хатпен" марапатталды.

    .
    16.05.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки