Домалақ ене атындағы орта мектебінде 11 сыныптар арасында "1001 мақал, 101 жұмбақ" атты жарыс өткізілді. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Мақсаты: Ата – бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу. Мақал-мәтелмен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Жарыста 11 "Ә" сынып оқушылары жеңіске жетті, мақтау қағаздарымен марапатталды.