БАЛДӘУРЕН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына орай мерекелік іс-шара өткізілді. Лагердің ашылуына мектебіміздің оқушылары қатысты. Ізгі тілектер мен құттықтаулар айтылды.
Іс-шарада ән салынып, би биленіп, оқушылардың ойында қызықты әсерде естерінде қалатындай өнер көрсетілді.
Салтанатты шара соңында бүлдіршіндерге 20-жылдық түлектердің атынан Бақтаев Бақыт мырза балмұздақтар таратты. Демеуші азаматтарға алғысымызды білдірдік.
Лагерь тынығушылары қауіпсіздік шараларымен танысты.
Алдағы лагердегі демалыс уақыты қызықты өткізіледі деген сенімдеміз! «Балдәурен» әрқашан сіздермен бірге! Лагерьде түрлі спорттық ойындар мен мерекелік шаралар болады.