Еліміздің ел болып құрылуына бар өмірін арнаған еліміздің біртуар ұлы Д.А.Қонаевтың туғанына 108 жыл толуына орай сынып сағаттары өткізілді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде еліміздің ел болып құрылуына бар өмірін арнаған еліміздің біртуар ұлы Д.А.Қонаевтың туғанына 108 жыл толуына орай «Димаш-мақтан тұтар, ұлы тұлға, тау тұлға» тақырыбында эссе байқауы, «Кемеңгер де ұлы тұлға Д.А.Қонаев», «Ұлы тұлға Д.Қонаев», тақырыптарында сынып сағаттары және «Д.А.Қонаев-дәуіріміздің ұлы тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Елі үшін еткен еңбегі ерен екендігін жас ұрпақтың санасына сіңіру басты мақсатымыз.