“ Шаш өру- қазақ қызына тән” - атты шаш өру байқауы өтті
Домалақ ене атындағы орта мектебінде қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан — жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; қазақ халқының әдет — ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында “Қыз Жібек” клубы мүшелерінің қатысуымен “ Шаш өру- қазақ қызына тән” - атты шаш өру байқауы өтті. Байқауға 8-11 сынып қыздарынан 5 қыз қатысып, мадақтамалармен әрі кішігірім сыйлықтармен марапатталды.