Біздің ауылымызда әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды. Міне, осы мақсатта Домалақ ене атындағы орта мектебінде 2 Ә сыныбында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізілді. Сынып жетекшісі Нуриева А.