Меню KDT

logo.png?_=1715662853

КГУ «Cредняя школа имени Домалак ене Шунского» районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар.

    Құрметті ауыл тұрғындары, ата-аналар мен қымбатты балалар!
        Балалар жазғы демалысқа шығып, суға шомылу маусымы да басталып кетті. Осы орайда Домалақ ене атындағы орта мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдері, жауапты қызметкерлер мен сынып жетекшілері тарапынан 2022-2023 оқу жылы аяғында жалпы ата-аналар жиналыстарында, жоспарлы сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жалпы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қауіпті су аймақтарында ескерту белгілері қойылып, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар WhatsApp желісі арқылы ата-аналар чаттарына, мектептің және мектеп директорының фейсбук парақшаларына жарияланды. Бұл жұмыстар бақылауда болып, өз жалғасын табуда.
         Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы-суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. 
          Домалақ ене атындағы орта мектебінің әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ: 
         -ата-аналар мен ересектер тарапынан үй жағдайында балаларға үнемі СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ, СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ ҰСТАНУ жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет!
       -  Су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау!
         -Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды! 
          -Естеріңізде болсын! Егер де Сізге қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса "112" құтқару қызметінің телефон нөмірін теріп алыңыздар!

    .
    15.06.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки