«Қыз жібек» клубы қыздарының қатысуымен «Қыздар гигиенасы» тақырыбында кеңес өткізілді.
22.11.2022ж күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қыз жібек» клубы қыздарының қатысуымен «Қыздар гигиенасы» тақырыбында кеңес өткізілді. Бірінші мектеп медбикесі А.Джаныкулова «Қыздар гигиенасы» тақырыбында баяндама оқып, таныстырды. Қыздарға жеке бас гигиенасы туралы және қыздардың бойындағы ерекше қасиет ана болу мәселесі жайында ашық түрде әңгіме жүргізіп, көптеген кеңестер берді. Кеңес беру барысында қыздар өздерін мазалап жүрген сұрақ жауаптарын ала алды.
Екінші мектеп психологы А.Абдикаликова қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру мақсатында дұрыс күтім жасауға үйрету бойынша қыздарға арналған кейбір дәстүрлі, әрі басқа да кеңестерді ұсынды. Денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну, сізді қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясын туралы айтылды.Сонымен қатар келесі ретпен бірқатар кеңестер жүргізілді: денсаулықты күте біл; қыстың күні жылы киін; денені шынықтыр; тырнақты күту.