" Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты аудандық айлық өткізілуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімі 2021 жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыры аралығында барлық мектептерде көшеде жүру тәртібін сақтау тақырыбымен " Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты аудандық айлық өткізілуде.Айлық барысында Домалақ ене атындағы орта мектептің 4"А" сынып жетекшісі Қ.Құдайғұлова және 2 "Ә" сынып жетекшісі Г.Ақшабаева санитарлық талаптарды сақтай отырып сынып сағаттарын өткізді.