" Қыз тәрбиесі- ұрпақ тәрбиесі" атты брифинг өткізілді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ерте жүктіліктің алдын алу, қыздардың жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына зиян туралы түсініктерін дамыту мақсатында " Қыз тәрбиесі- ұрпақ тәрбиесі" атты брифинг өткізілді. Брифингке мектеп психологы
М. Р.Мурзабекова , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. С. Уатаева, мектеп тәлімгері Қ. Ж. Сқағалиева қатысып, оқушылар арасында пікір , ой алмасып, көкейлерінде жүген сұрақтарға жауап берілді. Брифингте ақпараттандыру мақсатында видеороликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.