Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?
9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады: - оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; - математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; -өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан. 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады: -оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; -алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; -Қазақстан тарихынан тестілеу; -өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.