Ыбырай Алтынсаринің 180 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.
Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы М. Байхутова және "Домалақ ене" атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж. Уалиеваның ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринің 180 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шарада Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны, шығармашылығы, еңбек жолы жан-жақты талданып, оқушылар өлеңдерін жатқа айтты.