«Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі»
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының I жарты жылдығында «Қысқа мерзімді жоспардың тиімділігі мен ерекшелігі» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Жаңартылған білім беру шеңберінде тәжірибелі ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен коучингтерді жоғары деңгейде өткізді. Мектеп мұғалімдері семинарға ұйымшылдықпен атсалысты.