Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Білімім - Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Шу ауданы білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Білімім - Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу. Балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаттары ҚР Гимнімен басталып, Оқу - ағарту министрінің құттықтау сөзін бейнероликтен тамашалаумен жалғасты. Мектеп директоры Р.Ү. Қойбағар оқу жылын үздік бітірген оқушыларды марапаттап, ізгі тілегін білдірді. Тәрбие сағатының соңында оқушыларға жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.