Меню KDT

logo.png?_=1715662853

КГУ «Cредняя школа имени Домалак ене Шунского» районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Адал азамат» – біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Шабыт» жобасы

    «Адал азамат» – біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Шабыт» жобасы

    «Адал азамат» – біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Шабыт» жобасы бойынша ауылдың жастармен жұмыс жөніңдегі маманымен бірлесе отырып, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелеріне тарихи мекен Баласағұн (Ақтөбе) қалашығына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
    Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа туған жердің тарихи мұрасын таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік пен адалдыққа, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
    Экскурсия барысында оқушылар Баласағұн қалашығының тарихымен танысып, оның ежелгі мәдени және рухани орталық ретіндегі маңызын білді. Тарих пәні мұғалімі Нұрғали Нұржан жасөспірімдермен елін сүю, заңды құрметтеу, адал болу туралы әңгіме жүргізіп, өмірлік өнегелі кеңестер берді.
    Сапар соңында қатысушылар тарихи орыннан ерекше әсер алып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
    https://youtube.com/shorts/Ah1dqRm1qx4
    09.10.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки