2022 жылдың 20 желтоқсанында алтын ұя мектебіміздің 100 жылдығы өтті. Білім ордасы қаймағы бұзылмаған ұлттық тәлім мен тәрбиенің қара шаңырағы, мектептің іргетасы 1922 жылы қаланған.Алғаш 10 оқушы латын әріпімен оқыған. Мерейлі тойға жиналған қонақтар өткен күндерге шегініс жасап, мектеп тарихынан сыр шертетін фильм көрсетіліп, өнерпаздар ән шырқап, би билеп көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. "Сан қыранды самғатқан алтын ұя" атты ғылыми конференцияға мектеп басшылары, ардагер міұғалімдер, 100 жасқа толған ұстаздардың ұрпақтары қатысып, өз
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оны қолдау мақсатында 20 минуттық кітап оқу жоспарға сай ұйымдастырылып,өткізілуде. <a
22.11.2022ж күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қыз жібек» клубы қыздарының қатысуымен «Қыздар гигиенасы» тақырыбында кеңес өткізілді. Бірінші мектеп медбикесі А.Джаныкулова «Қыздар гигиенасы» тақырыбында баяндама оқып, таныстырды. Қыздарға жеке бас гигиенасы туралы және қыздардың бойындағы ерекше қасиет ана болу мәселесі жайында ашық түрде әңгіме жүргізіп, көптеген кеңестер берді. Кеңес беру барысында қыздар өздерін мазалап жүрген сұрақ жауаптарын ала алды. Екінші мектеп психологы А.Абдикаликова қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын
Шу ауданы білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қиын бала болмайды»жобасы аясында 7-11 сынып оқушыларына ауыл әкімі А.Қ.Қуанышев пен Шу АПБ-нің ЖПҚБ УПИ қызметкерлері қатысуымен "Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікті түсіну " тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Мақсаты : Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмау, құқықтық сауаттылыққа үйрету,адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Жиналыс барысында мектеп ережесі мен көшедегі
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 17 ші қыркүйек күні "World Cleanup day" акциясы аясында сенбілік өтті. Сенбілікке мекеме қызметкерлері мен оқушылар қатысып, мектеп ауласын күл-қоқыстан, сарғайған жапырақтардан тазартты. Бұл өз кезегінде өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында 1 оқушыға,спорттық киім, 8 оқушыға сөмкелермен және құрал жабдықтармен қамтылды. Демеушілік көрсеткен Ауыл әкімшілігі, ЖШҚ Садыков М,мектептің жомарт түлегі Ибрагимов С, және жеке кәсіпкер Қайрамбаев А. Ата –аналар және мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 1 тамыз- 31 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 5 оқушыны мектеп формасымен қамтыды. Демеушілік жасаған мектебіміздің жомарт түлегі, Шу қалалық №10 колледжінің директоры Мусаева Т. Ата- аналар және мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 1тамыз- 31 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 1 оқушыға мектеп формасы, 5 оқушыға демеушілік тарапынан сөмкелермен, құрал жабдықтармен көмек көрсетілді. Демеушілік жасаған Бірлікүстем ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Ташметов А. Мектеп түлектері Аймаханбетов Т.,Аймаханбетов С., кітапхана меңгерушісі Утегулова З. және мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.