Домалақ ене атындағы орта мектебінің оқушылары республикалық "Ақберен" байқаудың аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар 11-сынып оқушысы Қалибай Еламан "Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясынан І орын, жетекшісі Сқағалиева Куралай Жұмағұлқызы. "Шешендік білгірлік сайысы" номинациясынан 10-сынып оқушысы Асқарбай Сезім ІІІ орын, жетекшісі Тойшыбекова Сайраш Сабырбайқызы.Қазақ тілінің мерейін өсіріп, ұлттық рухты биікке көтеріп, өзгелерге үлгі бола біліңіздер. Құтты болсын!
2025 жылдың 6 қазан күні "Ұстаздар күні" мерекесіне орай ауданымызда өткен іс-шарада мектебіміздің бір топ ұстаздары көп жылғы жемісті еңбектері үшін арнайы марапаттармен марапатталып, зор құрметке бөленді.
29 қыркүйек күні оқушыларымен жиналыс ұйымдастырылып, 26 қыркүйекте өткен мектеп президенті мен бала уәкілі сайлауының нәтижесі жарияланып,жеңімпаздар ресми түрде таныстырылды.
Жаңа оқу жылы басталғалы бері алаяқтар балаларға қоңырау шалып, өзін мұғаліммін деп таныстырып жүр. «Электрондық күнделікті жаңарту» деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодтарды сұрайды. Бала оны ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Іс жүзінде алаяқтар осы кодтарды пайдаланып, «Электрондық үкімет» жүйесіне, онлайн-банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді. Осы