4 ақпан күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясының аясында 5-9 сыныптар арасында «Жолда абай бол» тақырыбында флешмоб өткізілді. Флешмобтың мақсаты оқушылар арасында жол қауіпсіздігін насихаттау болды.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімдері П.Құстүтінова «TV programmes», С.Күребаева «Human,s brain», А.Келдібаева «Types of writing», Д.Бұтабаева «Musical instruments» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Аудандық білім бөлімінің ағылшын тілі пәні бойынша әдіскері А.Нұрғазықызы және аудан мектептерінен келген мұғалімдер сабақтарға қатысып ерекше әсер алып қайтты. Семинар
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты акция аясында мектеп алды даярлық топтарымен «Бағдаршам» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойын жоғары дәрежеде өтіп, төмендегі оқушылар білімдерін көрсетіп марапатталды. Олар: А.Каналбай, А. Момбай, С.Бақдаулет, А. Рахымзиян және Сапарғали Дамир. Жалпы ойын топтар арасында жарыс түрінде ұйымдастырылды. І орынды «Тоқта» тобы, ІІ орынды «Сақтан» тобы және ІІІ орынды «Өте бер» тобы иеленді.
Биыл хакім Абай Құнанбаевтың туғанына 175жыл. Соған орай 24 қаңтарда Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби -сазды кештің басты мақсаты жас ұрпаққа ұлы Абайдың мұрасын дәріптеу, шығармашылығының қыр-сырын меңгерту. Хакім Абайдың теңіздей терең әлеміне шолу жасап, өлеңдерін, қарасөздерін нақышына келтіріп оқып, әндерін тамылжыта орындап, ақынның жас кезінен сахналық көрініс қойды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы бір кісідей атсалысты.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Интернетсіз бір күн» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді және мектеп кітапханашысы З.Утегулова «Интернетсіз өмір» тақырыбында бұрыш ұйымдастырды.
23 қаңтар күні Домалақ ене атындағы орта мектебінде 9 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында «Мамандықтың бәрі жақсы, жүректен оны таңдай біл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылардың алдағы уақытта мамандық таңдауға дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру туралы түсіндірілді.