Жамбыл облысы Шу ауданы Домалақ ене атындағы орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Балалар кітапханасы" бағдарламасын іске асыру мақсатында, сәуір айының 3 күні, мектепшілік «Кітап оқитын мектеп» байқауы 7- 9 сыныптар арасында өткізілді. БАЙҚАУДЫҢ МАЗМҰНЫ Байқау үш номинация бойынша өткізіледі. 1. Кезең «Оқитын мектеп- табысты мектеп » номинациясы «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылған 1770 көркем әдебиеттер тізбесіне сәйкес шығармаларынан үзінділер (1шығармадан сахналау) 7-9
«Домалақ ене атындағы орта мектебі» КММ Пошталық мекенжайы: индекс __081109_ Ж.Масатбаев көшесі, 33 А ғимарат. Байланыс телефоны :_8 776 324 7782; 8 775 417 7617_ (қабылдау бөлмесі) Электрондық пошта: domalakene.mektep@mail.kz
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі. Яғни, 30 тамыз - құжат тапсырудың соңғы күні. Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз. Қандай құжаттар қажет? • Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады) • Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады) • Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны) • Егу паспорты (065/у нысаны) • Баланың суреті
19 наурыз - Жаңару күні Ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп өркендеуде.Осы мақсатта Домалақ ене атындағы орта мектебінің ұжымы Жаңару күнін атап өтуде.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 19.03.2024ж күні оқушыларға Наурыз - жыл басы, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңыздылығын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу масатында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Наурыз – көктем мейрамы!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарлама басы Қыдыр атаның «Наурыз» батасымен бастау алып, мектебіміздің
Домалақ ене атындағы орта мектебінде бүгін яғни 16 наурыз күні Наурыз мерекесі қарсаңында мектеп ауласын, айналасын тазалау жұмыстары сенбілік жүрізілді. Осы шараға атсалысқан мектеп қызметкерлеріне алғысым шексіз. Тазалыққа жанымыз құмар болсын!
15 наурыз - Қайырымдылық күні Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі Бименбетов Асқар Өсербайұлы Наурыз мерекесіне орай өткен қайырымдылық марафоны аясында 5-8 сыныптарда оқитын бес оқушыға "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан бөлінген жазғы демалыс орнына арнайы сертификатты мектеп директоры Раушан Үшкемпірқызына табыстады.