Домалақ ене атындағы орта мектебінде ұстаздармен "Біз біргеміз, берік іргеміз" атты психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: арттерапия арқылы ересек адамның ішкі дүниесімен сырласуға мүмкіндік береді, психикалық саулығын нығайтуға, өзіндік сана-сезімін дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделуін арттыру.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 5-15сәуір аралығында география,биология,химия пәндерінің онкүндігі өтті.География пәнінің мұғалімі Ж.А.Утешова 10 сынып оқушылары мен "ХХІ ғасыр көшбасшысы' атты интеллектуалды жарыс, 9 сынып оқушыларымен " ҒТР жетістіктері" атты дөңгелек үстел, химия пәнінің мұғалімі А.Т.Сұраншиева "Химия таңғажайып әлемі" атты интеллектуалды ойын, биология пәнінің мұғалімі С.Р.Илимахунова 8 сынып оқушыларымен "Қызықты биология" тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ерте жүктіліктің алдын алу, қыздардың жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына зиян туралы түсініктерін дамыту мақсатында " Қыз тәрбиесі- ұрпақ тәрбиесі" атты брифинг өткізілді. Брифингке мектеп психологы М. Р.Мурзабекова , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. С. Уатаева, мектеп тәлімгері Қ. Ж. Сқағалиева қатысып, оқушылар арасында пікір , ой алмасып, көкейлерінде жүген сұрақтарға жауап берілді. Брифингте
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Жастар" дебат клубымен "Қыз тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі" тақырыбында оқушылар арасында пікірсайыс өтті. Мақсаты: қыз баланың ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашағы жарқын тұлғаны тәрбиелеу туралы пікір алмасу. #ұшқыр_ой_алаңы #дебаты #дебаты_путь_к_успеху #пікірсайыс
Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Шу ауданына іс сапармен келіп, Бірлікүстем ауылында заманауи салынған жаңа мектептің тыныс тіршілігімен танысты. Оқушылардың сүйікті орны, "Білім бұрышы" "Шахмат алаңы" "Ұлдар шеберханасы" "Кітапхана" "Спорт зал", асхананы аралап , жаңа мектепте тек сапалы білім саналы тәрбие алуды тапсыра отырып ізгі тілегін білдірді. Ешкандай қаражат шығармай оқушылар мен мұғалімдердің қолымен жасалған географиялық алаңдағы табиғи құбылыстарды бақылайтын өлшеу құралдарымен оқушылар таныстырып, танымдық қызықты ойларымен бөлісті. География сабағы
9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады: - оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; - математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; -өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан. 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады: -оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; -алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; -Қазақстан тарихынан
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ✅Шу аудандық білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы және Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары
Домалақ ене атындағы орта мектебінің түлектері денешынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Мүташ пен Б.Әліпбаев мектепке Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл макетін сыйға тартты.