Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Жомарт түлек" акциясы аясында мектебіміздің 2007 жылғы түлегі Алматы қаласындағы дизенфекциялау компаниясының директоры Садыров Нұрман Елтайұлы домбыра үйірмесіне қатысып жүрген 4 сынып оқушылары Құрманқұл Дина мен Хазый Дильнурдың арманын орындап сыйға домбыра тарту етті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде ҚР рәміздері туралы "Рәміздер-Тәуелсіздік белгісі" тақырыбында аға тәлімгер Қ.Сқағалиева "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін нығайту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру. Дөңгелек үстелде оқушылар жақсы ат салысып, өз ойларын ортаға салды. Н.Назарбаев атамыз айтқандай "Мемлекеттік рәміздер- бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді"- деген нақыл
Домалақ ене атындағы орта мектебінде санитариялық талаптарды сақтай отырып " Жат қылықтан аулақ бол" тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Мақсаты үлкендерге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерге отырып, зиянды әдеттерден бойлары аулақ ұстауға шақыру. Салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты жас ұстаздармен интеллектуалды жарыс өтті. 4 кезеңнен тұратын жарыс жоғарғы деңгейде өтті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары мен COVID-19 коронавирус індетінің алдын алу мақсатында мектеп мейірбекесі А.Джанықұлова мен директордың тәрбие ісі орынбасары А.С.Уатаева дәріс, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Еріктілер тобы" "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері тыл еңбек ардагері Малдыбаева Шәмкул апаның үйіне көмекке барды.Ауласындағы қарларын тазалады.Апай балаларға алғысын білдіріп, батасын берді.Әрбір еріктілердің бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 9,11 сынып ата-аналарымен санитариялық талаптарды сақтай отырып ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Р.Ү. Қойбағар Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 29.12.2020 жылғы №02-7820 хатына сәйкес «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына өзгерістер енгізу