Домалақ ене атындағы орта мектебінің 4 "А" сынып оқушылары мен COVID-19 коронавирус індетінің алдын алу мақсатында мектеп мейірбекесі А.Джанықұлова дәріс, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Домалақ ене атындағы орта мектебінің аға тәлімгері Қ.Сқағалиеваның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" атты тақырыбында "Жас Ұлан ұйымы қатарына "Жас қыран" 2 сынып оқушылары қабылданды. Мектеп әкімшілігі оқушыларға төсбелгі тағып, сертификат табыстап, сәт-сапар тіледі.
Домалақ ене атындағы орта мектеп кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Ұлы халықтың Ұлы Абайы" тақырыбында поэтикалық марафон ұйымдастырылды, іс-шараға қатысқан 4"А" сынып оқушылары Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтты. Сондай-ақ "Абай дана, Абай дара" кітап көрмесіменде танысты.
Домалақ ене атындағы орта мектебіне "Ұлағат отауы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Кәрібайқызы Гулжаһан мүшелері Бастаубаева Сұлутай Әбдіуалиқызы, Иманбаева Қамажай Мырқашымқызы және мектебіміздің ардагер ұстазы Әліпбаева Раткул Өнербайқызы мен Ұлтанбаева Алмагул Ұялықызы келіп жас мұғалімдермен сұхбат жүргізді. Өздерінің қуанышы мен қызығы, қайғысы қатар жүрген ұстаздық қызметтерінің қыр- сырын мектептің жас мұғалімдеріне үлгі етіп, тағылымы мол тәрбиелік мәні бар өсиет айтты.
Елбасымыз алға қойған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, ұлы істерге бастайтын маңызды құжат. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында Домалақ ене атындағы орта мектебінің құрылысы басталып, 2020 жылдың қараша айында қолданысқа берілді. Бүгінгі күні іске қосылып, ұстаздар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Мектепте барлығы – 411 оқушы, бастауыш сыныптың 175 оқушысы ата-ана өтініші негізінде кезекші сыныпта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жаңа мектеп ғимаратында білім
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 11 сынып оқушылар арасында "Репродуктивтік денсаулық дегеніміз не?" тақырыбында мектеп мед бикесі А.Джанықұлова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева, мектеп психологы М. Мурзабекова жасөспірім ұлдар мен қыздардың репродуктивтік денсаулығының қалыптасу ережелері, денсаулықты қорғау жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктіліктің алдын алуға, репродуктивтік саулықты нығайту туралы түсіндірме жұмыстар ұйымдастырылды.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Кемелді келешекке- кемеңгер Елбасымен» атты аудандық форум аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жас қырандықтарды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Мектебіміздің 30 оқушысы, әр түрлі жарыстар мен байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары, бастауыш сынып үздіктері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. «Жас қыран» төс белгісін тапсыру директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева, бастауыш сынып мұғалімі Г. Бекназарова және аға тәлімгер Қ.Сқағалиева тақты. Бүгінгі «Жас қыран»
Бірлікүстем ауылы Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1983 жылғы түлегі Қиялбекова Гулнәр Құлақметқызы "Әуезов дәрістері" Н. Рахманованың оқу құралын аталған мектептің кітапханасына тарту етті. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің шығармашылығына, ғасырлық туындылардың жазылу тарихынан естеліктер берілген бұл кітаптан оқырман үлкен нәр алары сөзсіз. Мектеп ұжымы атынан Қиялбекова Гулнәр түлегімізге шексіз алғысымызды білдіреміз.